Негізгі мазмұнға өту

ION.KZ — команданы тану және міндет бөлу көмекшісі

Адамды таны. Міндетті дұрыс бөл.

Команда басшысына арналған құрал: қызметкерлеріңізге бір сілтеме жібересіз, олар 10–15 минутта сауалнама толтырады, ал сіз әр адамның командадағы күшті жағын, команданың неден кем екенін және кімге қандай міндет лайық екенін бір беттен көресіз.

Қазақ және орыс тілдерінде, телефонға ыңғайлы. Пилот кезеңінде тегін.

Қалай жұмыс істейді

  1. Тіркеліңіз1 минут, Google арқылы да болады.
  2. Командаға сілтеме жіберіңізWhatsApp не Telegram арқылы. Әркім 10–15 минутта толтырады.
  3. Команда картасын көріңізКім қай рөлде мықты, қай рөл жетіспейді — бір бетте.

Басшыға: командаңызды таныңыз

Командаңызға бір сілтеме жібересіз, әркім сауалнаманы толтырып, командаңызға өзі қосылады. Кімнің қай рөлде мықты екенін, қай рөл жетіспейтінін көріп, міндеттерді дәлелге сүйеніп бөлесіз.

Өз командалық рөлімді білу

Тіркелусіз, 10–15 минут. Нәтиже тек сізге көрсетіледі; қаласаңыз, басшыңызға өзіңіз көрсетесіз.

Нәтиже қалай көрінеді

Үлгі: ойдан шығарылған дерек

Жауаптарыңызда мына рөлге бейімділік байқалады:

Үйлестіруші

Жауаптарыңызда мақсатты нақтылауға және адамдарды күшті жағына қарай бағыттауға бейімділік байқалады.

  • Үйлестіруші14 · 1-орын
  • Топ құрушы12 · 2-орын
  • Ресурс іздеуші9 · 3-орын
  • Іске асырушы9 · 3-орын
  • Аяқтаушы8 · 5-орын
  • Бақылаушы-бағалаушы7 · 6-орын
  • Ұйытқы6 · 7-орын
  • Идея ұсынушы5 · 8-орын

Шкала 0–70: жолақ ұзындығы — өз 70 ұпайыңыздың осы рөлге тиген бөлігі. Бұл қабілет немесе басқа адамдармен салыстыру өлшемі емес.

Жиі қойылатын сұрақтар

ION.KZ деген не?

Команда мүшелерінің командалық рөлдерін анықтап, міндеттерді дәлелге сүйеніп бөлуге көмектесетін қазақ және орыс тіліндегі онлайн платформа. Негізі — командалық рөлдер сауалнамасы.

Командалық рөлдер тесті дегеніміз не?

7 бөлімнен тұратын сауалнама, әр бөлімде 8 тұжырым бар. Әр бөлімде 10 ұпайды өзіңізге сай тұжырымдарға бөлесіз. Нәтижесінде сегіз командалық рөл бойынша ұпай аласыз: Ұйытқы, Үйлестіруші, Топ құрушы, Ресурс іздеуші, Идея ұсынушы, Бақылаушы-бағалаушы, Аяқтаушы, Іске асырушы.

Тест қанша уақыт алады, тіркелу керек пе?

Шамамен 10–15 минут, телефоннан да толтыруға болады. Жеке сауалнама тіркелусіз толтырылады; нәтижені кейін кез келген құрылғыдан ашқыңыз келсе, ерікті түрде тіркеліп, аккаунтқа сақтай аласыз.

Қанша тұрады?

Қазір пилоттық кезең: жеке сауалнама да, басшыға арналған команда құралдары да тегін.

Басшыға не береді?

Жоба ашып, команда мүшелері мен үміткерлерге сауалнама сілтемелерін жібересіз, команданың рөлдік құрамын көресіз, командаға қандай маман жетіспейтінін анықтайсыз, үміткерлерді дәлелдер мен сұхбат бойынша салыстырасыз және міндетті кімге беру керегін негіздеп шешесіз.

Нәтижені кім көреді?

Жеке нәтиже әдепкіде тек сізге көрінеді. Басшының шақыруы арқылы толтырсаңыз, басшыға нені көрсететініңізді (қысқа профиль, толық есеп немесе ештеңе) өзіңіз таңдайсыз және кез келген уақытта өзгерте аласыз.

Бұл психологиялық тест пе?

Жоқ. ION.KZ сауалнамасы — оқу материалына негізделген қолданбалы құрал, клиникалық немесе психометриялық тест емес. Ұпайлар адамның өз ішіндегі рөлдік басымдықтарын көрсетеді; олар интеллект, қабілет өлшемі немесе адамдарды рейтингтеу құралы емес.

Қай тілдерде жұмыс істейді?

Қазақ және орыс тілдерінде. Сауалнама, нәтиже, PDF есеп және рөл сипаттамалары екі тілде де бар.

Ұпайлар — адамның өз ішіндегі салыстырмалы басымдығы, қабілет өлшемі емес. Жеке нәтиже әдепкіде жабық. Толығырақ: әдістеме және құпиялық, сегіз рөл.